Қазақстандық-неміс экономикалық жобалар ынтымақтастық фокусында

БЕРЛИН, 2019 жылғы 7 тамыз -  Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Дәурен Қәріпов Алматы қаласында Герман экономикасының Орталық Азиядағы өкілеттілігінің Басшысы Александр Шпаакпен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективасы мен қазіргі жағдайы талқыланды. Д.Қәріпов Қазақстан мен Германияда тек саясат және экономика саласындағы серіктестік қатынастар ғана байланыстырмайтынын, сондай-ақ біздің елден ГФР-ға қоныс аударушылармен бірге екі мемлекеттің арасында байланыстырушы дәнекер болып отырған көптеген неміс диаспоралары да бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі  еліміздің  экономикасын жаңғыртуға қолдау көрсету, неміс тарапынан жаңа технологияларды жұмылдыру және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы тауарларды өндіру бойынша біріккен кәсіпорындар ашу екенін де атап өтті. Бұған қоса болашақта одан әрі дамытуға деген үлкен потенциалы бар Қазақстан өңірлері мен ГФР федералды жерлері арасында серіктестік қатынастарды орнату мен жаңарту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде А.Шпаак Герман экономикасының Орталық Азиядағы өкілеттілігінің еліміздің өңірлері экономикасына инвестиция  құю және бірлесіп жоба жасауға мүдделі герман компанияларын сүйемелдеу мен қолдауға бағытталған қызметімен таныстырды. Бұдан бөлек, тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық саласы бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы ақпаратпен бөлісті. Атап айтқанда, 2019 жылғы 4 қазанда Алматы қаласында ҚР-дағы Герман экономикасы одағының және Герман экономикасының Орталық Азиядағы өкілеттілігінің 25-жылдығына арналған кезекті Герман экономикасының 21-ші күні өтеді. 2019 жылғы 7 қазанда Берлин қаласында Қазақстандық-германдық бизнес-форумының өтуі жоспарланған. Оның аясында инвестициялық және сауда ынтымақтастығын, Қазақстанның аумағында әртүрлі салаларда бірлескен перспективалық жобаларды дамыту мәселелері талқыланады деп жоспарлануда. 

Тараптар кездесу барысында екі елдің іскер орталарының қатысуымен өтетін іс-шараларды бірігіп ұйымдастыру, өзара ақпарат алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру кезінде қазақстандық және германдық компаниялар арасынан потенциалды серіктестерді іздестіруге жәрдемдесу арқылы өзара әрекеттестікті дамытуға келісті.

Қосылған : 7.08.2019, 18:00, Өзгертілген : 7.08.2019, 18:00