Вена-Братислава велошеруі ЕҚЫҰ кеңістігінде өзара байланыстықты ілгерілетуге өз үлесін қосты

ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер ынтымақтастық рухын нығайту мақсатында Вена қаласынан Словакия астанасы Братислава қаласына дейін дипломатиялық велошеруіне қатысты. Алғаш рет Вена-Братислава велошеруі 2018 жылғы 6 қазанда өткізілген болатын.

Велошеруді бастау салтанаты барысында Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, ЕҚЫҰ-дағы Экономика және қоршаған орта комитетінің төрағасы Қайрат Сарыбай бұл бастаманың негізгі мақсаты мемлекеттер арасында өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастықты одан әрi нығайту болып табылатынын атап өтті.

ЕҚЫҰ форматындағы мұндай іс-шара сенім мен өзара іс-қимылды және өңірлік пен жаһандық деңгейде өзара байланыстық, сонымен қоса қауіпсіздік мәселелерін ілгерілетуге жол береді.

Велошерудің нәтижесі бойынша қатысушыларды құттықтау салтанаты барысында Словакия Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының бас директоры, Task Force басшысы  Оксана Томова былтырдан бері Қазақстанның бастамасымен өткізіліп жатқан бұл жақсы дәстүрді ЕҚЫҰ-дағы Словакия төрағалығы қолдау білдіргенін атап,алдағы жылдарда да мұндай велошеру өз жалғасын табатынына сенім білдірді.

Велошеруге ЕҚЫҰ жанында аккредителген Тұрақты өкілдер, дипломатиялық миссиялардың қызметкерлері мен ЕҚЫҰ Хатшылығының қызметкерлері қатысты.

Дипломатиялық велошеру ЕҚЫҰ кеңістігінде екі жақын орналасқан астаналарды – Вена мен Братислава қалаларын біріктірген бірегей спорттық оқиға болды.

Қосылған : 3.10.2019, 14:45, Өзгертілген : 3.10.2019, 14:45