Варшавада өткен адами өлшем саласындағы міндеттемелерін орындау бойынша ЕҚЫҰ ДИАҚБ кеңесі аяқталды


Польшаның астанасында жыл сайынғы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар мен адам құқықтары бойынша бюросының (ДИАҚБ) кеңесі өз жұмысын аяқтады. 

Форумның соңғы аптасының ішінде қатысушылар құқықтың үстемдігі, оның ішінде сот билігінің тәуелсіздігі, демократиялық заңнама, төзімділік пен кемсітпеушілік, өшпенділік салдарынан қылмыс, Рома және Синти тақырыптарын талдаған. 

Форумға қатысқан қазақстандық делегацияның құрамына сыртқы істер министрлігі, әділет министрлігі, ақпарат пен қоғамдық даму министрлігі және Бас прокуратураның өкілдері кірді. 

ҚР Бас прокуратурасының өкілі Е.Жакупов өзінің сөзінде ҚР-да соңғы жылдары жоғары халықаралық стандартқа сәйкес жаңа құқықты құру туралы ауқымды жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Құқық үстемдігі қағидаларын енгізу және азаматтық қоғам институттары рөлдерінің күшеюі жаңа ұрпақтың заңнамалық актілерге қажеттіліктерін анықтайды. 

ҚР Әділет министрлігінің өкілі А.Иманғалиева форум қатысушыларымен  Ұлыбританияның тәжірибесі бойынша «Жасыл» және «Ақ» кітаптардың нормативті-шығармашылық үрдістің Қазақстанға енгізілуі жөнінде бөлісті. Бұл заң жобаларын әзірлеу сатыларында әр азаматтың пікірлерін негізге алуға мүмкіндік береді.

Қазақстандық құқық қорғаушылары А.Ибраева және Е.Жовтис «Соттағы негізгі бостандықтар: адам құқықтарына терроризм мен антиэкстремизммен күресу туралы тым кең заңнаманың әсері» тақырыбындағы қосымша іс-шара шеңберінде форумға қатысушылармен өздерінің ұсыныстарымен бөлісті. «Шырақ» қоғамдық бірлестігінің басқарушысы Л.Қалтаева «Саяси және қоғамдық өмірге мүгедектердің қатысуына ықпал ету» тақырыбына өткен қосымша іс-шара шеңберінде Қазақстанның тәжірибесімен бөліскен болатын. 

Сондай-ақ, форум шеңберінде қазақстандық құқық қорғаушылар «Бөлек алынған діни ұйымдағы адам құқықтарын шектеу» және «Қазақстандағы адамдардың негізгі бостандықтары: 2019 жыл – өзгерістер болды ма?» атты тақырыптарға іс-шараларды өткізген болатын. 

Аталған іс-шаралардың мақсаты – Қазақстандағы «Иегова куәгерлері» өкілдерінің адам құқықтарын бұзғандығы туралы мәселені халықаралық қауымдастыққа жеткізу. Оған қоса, адам құқықтарын қорғаушыларға сотталғандардың құқығын қорғау, Қазақстандағы цифрлық құқықтарға және бейбіт жиналыстарға құқықтың жүзеге асыру тәжірибелерін ұсыну тағы бір мақсаттардың бірі болып табылады. 

ЕҚЫҰ кеңістігіндегі гендерлік теңдік пен демократиялық сайлау, қылмыстық жаза саясатының түрлі аспектілері, пікір айту, дін, жиналыс пен ассоциациялар бостандықтары, заңнамалардың ашықтығы тақырыптарына байланысты талқылаулар жүргізілді.

Пленарлық отырыс және қосымша іс-шаралар үлгісіндегі талқылаулар өздерінің өзектілігімен, зеректік және тиімділігімен ерекшеленген. 

Кеңестің қорытынды сессиясы барысында қатысушылар адами өлшем және арнайы таңдаған тақырыптарға байланысты жұмыс сессияларына қорытынды жасаған, сондай-ақ нәтижелерді талқылап, кеңестің екі апталық жұмысының ұсыныстарын шығарды.


Қосылған : 26.09.2019, 17:45, Өзгертілген : 26.09.2019, 17:45