Қазақстан Елшісі Моңғолияның Президентіне сенім грамоталарын табыстады


ҰЛАНБАТЫР, 2019 жылғы 1 қазан - Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаевты cенім грамоталарын табыстау үшін Моңғолияның Президенті Халтмаагийн Баттулга қабылдады.

Кездесу барысында Моңғолияның Басшысы қазақ-моңғол елдері арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар мен өзара сенім ахуалын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша екі мемлекеттің ынтымақтастығын атап өтті. 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық, көліктік-логистикалық, ауыл шаруашылық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті, сондай-ақ болашақтағы ең жоғарғы және жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мәселелері талқыланды.

Х.Баттулга кездесу соңында өзара байланыстардың одан әрі нығая беретініне сенім білдіріп, Елшіге дипломатиялық жұмыста табыс тіледі.

Қосылған : 1.10.2019, 17:40, Өзгертілген : 1.10.2019, 17:40