Қазақстанның Израильдегі Елшісінің Иерусалим Патриархы ІІІ Теофилмен кездесу туралы

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов Иерусалим Патриархы ІІІ Теофилмен кездесті.

Елші Патриархты мемлекетіміздің астанасында 2003 жылдан бері ұйымдастырып келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін ұдайы қолдап, оның отырыстарына тұрақты түрде қатысуы үшін алғыс білдірді.

ІІІ Теофил Нұр-Сұлтандағы аталмыш сұхбат алаңының тиімділігін бағалай келе, Иерусалимдік патриархат пен Қазақстан арасында орнатылған жоғары деңгейдегі байланыстарды атап өтті.

Діни лидерлермен кездесу мақсатында Қазақстанда болған сапарларын жылы шыраймен еске алып, Патриарх Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің  ең ізгі тілектерін жеткізуді сұрады.

Кездесу барысында С.Бұршақов Патриархқа 2018 жылы қазан айында Астанада өткен Діндер көшбасшыларының VI Съезінің қорытындысы туралы презентециялық кітапті табыс етті.

Анықтама ретінде: ІІІ Теофил әлемдегі ең байырғы православие шіркеуін басқарады және Константинопольдік, Александрлық және Антиохийлік патриархаттардан кейін православиелік лидерлер тізімінде иерархия бойынша төртінші болып табылады. Оның құзыретіне Израиль, Иордания және Палестинадағы православие діни мүшелері кіреді.

2000 жылдық тарихы бар Иерусалимдік Патриархаттың қазіргі Израиль территориясындағы мәртебесі мен орны Омар ибн Хаттаб Халифі мен Софроний Патриархы арасындағы 638 жылғы келісіммен бекітілген.

         Кейбір деректерге сүйенсек, қазіргі таңда Израильде 170 мыңға жуық христиандар тұрады.

Қосылған : 30.12.2020, 21:50, Өзгертілген : 30.12.2020, 21:50