Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Иордания арасындағы алғашқы консулдық консультациялар өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 23 желтоқсан - Қазақстан-Иордания арасындағы консулдық мәселелер жөніндегі консультациялардың 1-ші отырысы өтті.

Қазақстандық делегацияны ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Тауболды Үмбетбаев, ал иорданиялық делегацияны – Қазақстан Республикасындағы Иордан Хашимит Корольдігінің Елшісі Ю.Абельгани басқарды.

Консультациялар барысында тараптар консулдық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде екі елдің заңды және жеке тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау, Қазақстан мен Иордания аумақтарына екі ел азаматтарының кіру/шығу және болу тәртібі, өзара визалық режимді жеңілдетуді қарастыру және т.б. талқылады. 

Консулдық консультациялар сындарлы жағдайда және өзара түсінушілік рухында өтті.


Қосылған : 23.12.2019, 22:40, Өзгертілген : 23.12.2019, 22:40