Сауд Арабиясының Сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстанмен ынтымақтастықты орнатуға мүдделі


2019 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Аш-Шарқия (Шығыспровинциясы Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨПтөрағасы Абдулхаким Хамад Әлхальдимен кездесті.

Кездесу Даммам қаласында ҚР Сауд Арабиясындағы Елшілігі мен Аш-Шарқия СӨП-мен бірлесе ұйымдастырылған «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» атты семинары аясында өтті.

Тараптар екі ел арасындағы өзара сауданы белсендіру және инвестицияларды тарту саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.

Б.Арын Қазақстан экономикасындағы басты жетістіктермен таныстырып, түрлі салаларға шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Атап айтқанда, шетелдік кәсіпкерлерге Қазақстанда жасалған оңтайлы, әрі ашық бизнес жүргізудегі ыңғайлы жағдайларға тоқталып, оның ішінде визалық режимнің жеңілдеуі, инвесторлар құқықтарының қорғалуы, әкімшілік кедергілердің барынша азаюы туралы хабарлады.
 Сонымен
 қатарқазақстандық дипломат екі ел арасындағы тауар айналымы динамикасының төмендігін атап өттіОсы реттеекі елдің бизнесмендері арасында өзара сапарларды ұйымдастыруға және сауд тарапының елде жүзеге асырылып жатқан жобаларымен егжей-тегжей таныстыру мақсатында Қазақстанға баруға шақырды.

СӨП Төрағасы А.Әлхальди екі елдің бизнес өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылығын білдіре отырыпұсынылған жобаларды жан-жақты зерделеу үшін саудтық кәсіпкерлердің Қазақстанға баруына барынша қолғабыс көрсететіне сендірді.

Сондай-ақ, Аш-Шарқия СӨП-мен Қазақстанның Даммамдағы Құрметті консулын тағайындау мәселесі талқыланды. Сауд тарапының пікірінше, ол екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын нығайтуға қосымша серпін береді.

Кездесудің нәтижесі бойынша тараптар түрлі деңгейде бірлескен жұмыстарды, оның ішінде өзара сапарлар мен тематикалық шараларды, атап айтқанда, осы күндері Даммам мен Риядта қазақстандық компаниялар мен саудтық бизнесмендер арасында өтіп жатқан «В2В» кездесулері мен семинарлары тәрізді шараларды ұйымдастыру дәстүрін жалғастырып тұруға уағдаласты.


Қосылған : 23.12.2019, 21:00, Өзгертілген : 23.12.2019, 21:00