БҰҰ-да Қазақстанның қақтығыс аймақтарынан азаматтарды репатриациялау және оларды қоғамға қайта бірігу тәжірибесі қызығушылық тудырды 

НЬЮ-ЙОРК, 2019 жылғы 5 желтоқсан - БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың және БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің 130-дан астам өкілі Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі ұйымдастырылған «Қазақстанның қақтығыс аймақтарынан азаматтарды репатриациялау және оларды қоғамға қайта бірігу тәжірибесі» тақырыбындағы «дөңгелек үстеліне» қатысты.

«Жұсан» операциясы тек гуманитарлық миссия ғана емес, халықаралық деңгейде танылған терроризмге қарсы стратегия болып табылады: оңалту және реинтеграция арқылы біз азаматтардың одан әрі радикализациясынан алдын аламыз», - деді отырысты ашқан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

ҚР СІМ басшысының орынбасары негізінен әйелдер мен балаларды құтқаруға бағытталған қақтығыс аймақтардан отандастарды қайтару жұмысының ерекшеліктері туралы айтты. Арнайы операция аясында Сириядан оралған 595 азаматтың 400-ден астамы кәмелетке толмаған балалар болды. Ағымдағы жылдың 27 қарашасында тағы 14 бала Ирактан Қазақстанға эвакуацияланды. Ол ЮНИСЕФ, Халықаралық Қызыл Крест Комитетіне, Ирак пен АҚШ биліктеріне және басқа әріптестеріне арнайы операцияның сәтті өтуіне қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс айтты.

Е. Ашықбаев сонымен бірге оралмандарды оңталу және қоғамға қайта бірігу бағдарламасының егжей-тегжейлерімен бөлісті. Оның айтуынша, мұндай жұмыстың әдістемесі кешенді және сындарлы: жетімдер, толық емес отбасылардағы балалар, балалары бар әйелдер немесе жалғызбасты әйелдер мен ер адамдар – әр топтың әлеуметтік сипаттамаларына негізделген. Ақтау қаласындағы «Ақниет» бейімдеу орталығында олар қажетті медициналық көмек алады, олармен 40-тан астам теолог және 17 психолог жұмыс істейді.

«Бүкіл әлемде қақтығыстар мен шиеленістердің күшеюі кезінде балалардың қорқынышсыз, зорлық-зомбылықсыз пен үмітсіздіксіз әлемде өсуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдау қажет. Біз мұндай жағдайда қалған әр баланың өмірін сақтауымыз керек, әйтпесе бұл одан әрі радикализацияға және жаңа қауіп-қатерлерге әкеледі», - деп баса айтты Е. Ашықбаев.

Іс-шарада БҰҰ Терроризмге қарсы басқармасының, БҰҰ Бас хатшысының Балалар және қарулы қақтығыстар жөніндегі арнайы өкілі әкімшілігінің, ЮНИСЕФ-тің жоғары өкілдері, сондай-ақ АҚШ, Ирак, Түркия, Өзбекстан және басқа елдерінің БҰҰ жанындағы дипломатиялық миссияларының басшылары сөз сөйледі. Олардың баяндамаларында Қазақстанды қолдау туралы сөздер айтылды және өзекті ғаламдық проблеманы шешудегі жетекші рөл үшін ризашылық білдірілді, сондай-ақ басқа мемлекеттерді қазақстандық модельді зерделеуге және біздің еліміздің үлгісіне қарап іс-әрекеттерге шақырылды.

«Дөңгелек үстелге» қатысушыларға Сирия мен Ирактан қазақстандық балаларды қайтару операциялары туралы қысқаша деректі фильмдер көрсетілді.


Қосылған : 7.12.2019, 01:00, Өзгертілген : 7.12.2019, 01:00