СІМ-де Қазақстан мен АӨСШК арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды


НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 3 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) Хатшылығының Атқарушы директоры Хабибулло Мирзозодамен кездесу өткізді.

Тараптар АӨСШК 5-ші Саммитінің (2019 ж. 14-15 маусым, Душанбе қ.) нәтижесі бойынша қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру барысын, соның ішінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен аталған бастамалар мәнмәтінінде талқылады.

Бұдан басқа, Форумның институционалды даму болжамдары, Сенім шаралары тізімдемесін дамыту, сонымен бірге ҚР Тұңғыш Президені Елбасы Н.Назарбаевтың
 «Үш Д» бастамасын іске асыру аясында АӨСШК-нің өзге халықаралық және аймақтық құрылымдармен қатынастарын нығайту туралы пікірлерімен алмасты.

Х.Мирзозода АӨСШК Хатшылығына көрсетіліп жатқан ұдайы қолдауы үшін қазақстандық тарапқа өз ілтипатын білдіріп, Форумды дамытуға және кеңейтуге өз күшін салуды бұдан әрі жалғастыратынын атап өтті. 

Әнгімелесушілер геополитикалық шындықтың өзгеруі және заманауи қатерлер жағдайында азиялық континентте диалогты, өзара сенімді және қауіпсіздікті нығайту үшін АӨСШК-нің өзектілігін ерекше атады.

            Кездесу соңында Ш.Нұрышев Х.Мирзозодаға АӨСШК-нің дамуына қосып жатқан үлесі үшін алғысын білдіріп, Форумға мүше мемлекеттер арасында сенім шараларын нығайтуда жетістіктер тіледі.

            АӨСШК-ні құру бастамасы 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ БА-ның 47-ші сессиясында ҚР Тұңғыш Президені – Елбасы Н.Назарбаевпен айтылған болатын. Бастаманың негізгі мақсаты аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тиімді және қолайлы құрылым құру болып табылады, штаб пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

            Қазіргі уақытта АӨСШК-не 27 Азия мемлекеті мүше болып табылады. Форумға 8 ел және 5 халықаралық ұйымдар байқаушы ретінде кіреді.

            Қазақстан АӨСШК-не 2020 ж. төрағалық ететін болады.

Қосылған : 3.12.2019, 17:25, Өзгертілген : 3.12.2019, 17:25