Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Израиль арасындағы келіссөздер туралы

2019 жылғы 2-5 желтоқсан аралығында Иерусалим қаласында Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер Израиль Мемлекетімен Еркін сауда туралы келісім-шарт жасауға байланысты  келіссөздердің 5-раунды өтті.

Қазақстан Республикасынан келіссөздерге Сыртқы істер министрлігінің, Сауда және интеграция министрлігінің, Сауда саясатын дамыту орталығының өкілдері және Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің дипломаттары қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар тауарлардың шығуымен сауданы жеңілдету ережелерін, нарықтарға қол жетімділік, дауларды шешу мәселелерін, сондай-ақ сауда және қоршаған орта, мемлекеттік сатып алу мен бәсекелестік мәселелерін талқылады.

Аталмыш келісім өзара сауда қатынастарын дамытуға қолайлы жағдай туғызады және Еуразиялық экономикалық одақ пен Израиль Мемлекеті арасындағы өзара қызығушылық тудыратын салаларда экономикалық ынтымақтастықты дамытуға серпін береді.

Қазақстан делегациясы келіссөздерге қатысушыларды«Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметімен таныстырды.

Келіссөздердің келесі кезеңі 2020 жылдың 1 тоқсанында жоспарланған.

Қосылған : 5.12.2019, 19:45, Өзгертілген : 5.12.2019, 19:45