Қазақстан мен Кувейт арасында консулдық консультациялар туралы



        ӘЛ-КУВЕЙТ, 2019 жылғы 5 желтоқсан - Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасында консулдық мәселелер бойынша консультациялардың бірінші отырысы өткізілді.

Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Оңталап Оңалбаев басқарды. Кувейт тарапынан отырысқа Сыртқы істер министрінің консулдық мәселелер бойынша орынбасары Сами әл-Хамад қатысты.

Консультациялар өзара достық және толық түсіністік қалыпта өтті. Тараптар консулдық қызметке байланысты түрлі мәселелелер бойынша пікірлермен алмасып, ҚР ұлттық паспорт иегерлерін визалық талаптардан босату мәселесін талқыға салды. Кувейт тарапы Қазақстанның Кувейт азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша қабылдаған шараларын жоғары бағалады. Консультациялар барысында көтерілген сұрақтарды шешу екіжақты байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшін басым міндет болып табылатынына және консулдық кеңесулерді тұрақты түрде өткізіп тұруға келісті.

Қосылған : 5.12.2019, 17:00, Өзгертілген : 5.12.2019, 17:00