Қазақстан Елшісі Израиль министрімен кездесті



Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов екіжақты қарым-қатынастардың өзекті бағыттарын  ілгеріту мақсатында Израильдің Экология министрі Зеев Элькинмен кездесті.

         Кездесу барысында жоғары деңгейдегі кездесулер барысында қол жеткізген уағдаластықтарды  жүзеге асыру бағыттары, сонымен қатар, сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан мен Израиль арасындағы комиссия белгілеген бірлескен жобаларды үйлестіру мәселелері талқыланды.

         Аталған комиссияның тең төрағасы ретінде З.Элькин Израильдің жаңа үкіметін құрылғаннан кейін, Израиль делегациясының 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтуі жоспарланатын кезекті тоғызыншы үкіметаралық комиссия отырысына қатысуға дайындығын растады.

Қосылған : 5.12.2019, 09:55, Өзгертілген : 5.12.2019, 09:55