Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Латвия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесті

Ү.ж. 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы Элита Кузмаға сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды. 

Сонымен қатар, Латвия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Андрис Пелшспен жеке кездесу өтті. Сұхбат барысында тараптар саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін және бірлескен жұмыстың перспективалық бағыттарын белгіледі.

Қосылған : 5.12.2019, 08:05, Өзгертілген : 5.12.2019, 08:05