Түрік инвесторлары үшін Қазақстандағы жаңа кезеңдегі инвестициялық мүмкіндіктер тақырыбындағы Дөңгелек үстел

     2019 жылғы 29 қарашада Қазақстанның Түркия Республикасындағы Елшілігі Анкара Өнеркәсіп палатасының Бірінші индустриялық аймағының әкімшілігімен бірлесіп,«Түрік инвесторлары үшін Қазақстандағы жаңа кезеңдегі инвестициялық мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шарада Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Анкара Өнеркәсіп палатасының бірінші индустриялық аймағының Басқарма Төрағасы Ниязи Акдаш, YDA Holding бизнесті дамыту жөніндегі директоры Мұстафа Кемал Дурак, Infoteks Technology Басқарма Төрағасы Мұстафа Явуз, Altim Alüminyum Басқарма Төрағасы Дженк Ақташ сөз сөйледі.

Н. Акдаш өз сөзінде Қазақстан инвестициялар үшін тартымды ел екенін атап өтіп, дөңгелек үстел қатысушыларын іс-шара жұмысына белсенді қатысуға және пікір алмасуға шақырды.

Өз компаниясының коммуналдық-тұрмыстық қалдықтардан электр энергиясын өндіру бойынша Қазақстанда инвестициялық жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін айтты.

Елші өз сөзінде Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып,елдегі арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың қызметімен таныстырды. Сонымен қатар Қазақстанда бизнесті жүргізудің артықшылықтарын, басым секторларды және Еуразиялық экономикалық одақ елдері, Орталық Азия және Қытай нарықтарындағы экспорттық мүмкіндіктер туралы баяндалды. 

А. Сапарбекұлы «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметін, оның салықтық, визалық, кедендік және басқа да бағыттағы жеңілдіктері мен артықшылықтары туралы тақырыбына жеке тоқталып өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанда жұмыс істейтін түрік инвесторларының қызметін атап, түркиялық инвесторлар тарапынан жүзеге асырылып жатқан және жүзеге асыруға жоспарланған жобалар жайында баяндалды.

М. Кемал Дурак өз сөзінде 

2008 жылы халықаралық жолаушылар терминалын салу мен пайдалану және Ақтау халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын қайта құру бойынша табысты аяқталған жобаларына толығырақ тоқталды. YDA Holding бұл жобаға шамамен 80 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестициялар салып, аталған жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы Қазақстандағы жүзеге асырылған алғашқы жобалардың бірі екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, YDA Holding тарапынан қазіргі таңда Түркістан халықаралық әуежайының құрылысы мен басқарылуына, Петропавл, Түркістан және Нұр-Сұлтан қалаларында көпсалалы ауруханалардын құрылысы мен басқарылуына шамамен 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестициялар салып жатқандығы жайында атап өтті.

Екі ай ішінде қазақстандық мемлекеттік органдармен жұмыс жасау барысында Павлодар әкімдігіне ұсынылатын алюминий профильдерін шығару жобасын жүзеге асырудың тұжырымдамасын дайындаған болатындығы жайында атап өтілді.

Қатысушылар Қазақстандағы кедендік және салықтық реттеу, Қазақстанның Түркия мен Қытай арасындағы еркін сауда туралы келісімнің болуы, коммуналдық шығындардың құны, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың қатысушыларына арналған преференциялар және басқа да сұрақтарлы қозғады.

Іс-шараның қорытындысында келесі төрт компания әлеуетті инвесторлар ретінде анықталды:

1. Akdas Dokum – тұрмыстық қатты қалдықтардан электрэнергиясын өндіру;

2. Serdar Plastik – машина жасау және тұрмыстық техника үшін композиттік материалдар өндіру;

3. EK Ambalaj – гофрленген парақтар мен қораптар өндіру;

4. Tufekcioglu Kauçuk Makina ve Madencilik - тау-кен металлургия кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін резервуарлар мен сыйымдылықтар өндіру.


Қосылған : 2.12.2019, 18:30, Өзгертілген : 2.12.2019, 19:30