Вильнюсте «Қазақстан камератасының» концерті өтті

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ Қазақстандағы жастар жылы аясында 2019 жылы 2 желтоқсанда Литвадағы Қазақстан Елшілігі "Қазақстан Камератасы" мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің Вильнюстегі алғашқы концертін ұйымдастырды. 

Қазақстандық музыка шеберлері ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Г. Мырзабекованың жетекшілігімен "Балбырауын" және "Айттым сәлем, қалам қас" сияқты қазақ халық композиторларының классикалық шығармаларын, сондай-ақ қазіргі қазақстандық мелодисттердің шығармаларын ұсынды.

 "Көшпенділер әуендері" атты салтанатты концертке Литваның саяси мемлекеттік мекемелері, дипломатиялық корпусы, академиялық және ғылыми орта өкілдері, қоғамдық ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, сондай-ақ қазақстандық диаспора өкілдері мен студенттер қатысты.

Қазақстандық жас музыканттардың виртуоздық орындауы Литва аудиториясы мен музыка әуесқойларының жоғары бағасына ие болды. 

Қосылған : 4.12.2019, 11:10, Өзгертілген : 4.12.2019, 11:10