Қазақстан Елшісі Әзербайжанның Экономика министрімен кездесті

2019 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжанның Экономика министрі Микаил Джаббаровпен кездесті. Сұхбат барысында тараптар жоғары деңгейдегі қол жеткізілген уағдаластықтардың сапалы жүзеге асыру қажеттілігін атап өтіп, инвестициялық, сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық және ауыл шаруашылық салаларындағы екіжақты қатынастардың ағымдағы жағдайы мен даму келешегін, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының соңғы отырысы хаттамасының орындалу барысын, ү.ж. 6 желтоқсанда Баку қаласында өтетін ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының алдағы 14-ші отырысы  күн тәртібінің мәселелерін талқылады.

Қосылған : 3.12.2019, 23:00, Өзгертілген : 3.12.2019, 23:00