Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүзінші отырысын өткізу туралы

2019 жылғы 25-29 қараша кезеңінде Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүзінші отырысы өтті.

Тараптар демаркацияның қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысты жалғастырды, сондай-ақ мемлекеттік шекара сызығын оның әр түрлі учаскелерінде белгілеуге байланысты мәселелер кешенін талқылады.

Комиссия 2019 жылғы жұмысты қорытындылап, 2020 жылға арналған келіссөздердің Жоспар-кестесін мақұлдады.

Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы атмосферада өтті.

Комиссияның келесі отырысы 2020 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.

Қосылған : 29.11.2019, 18:35, Өзгертілген : 29.11.2019, 19:00