Израильдің бизнес өкілдерімен болған диалог

Тель-Авивте Қазақстан Республикасының Елшілігі Израильдің іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.       

«Израиль-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) басшылығы мен израильдік бизнес өкілдері алдында сөйлеген сөзінде Елші Сатыбалды Бұршақов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Израиль ынтымақтастығын кеңейтуге және тереңдетуге қосқан үлесі туралы айқындады.

«Израиль-Қазақстан» СӨП төрағасы Михаэль Роэ қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды үдемелі дамытудағы Елбасының жеке еңбегін атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының басым бағыттарымен танысты.

Шетелдік кәсіпкерлерге сыртқы экономикалық саясаттың, инвестициялық климаттың және транзиттік-көліктік әлеуеттің негізгі аспектілері, Қазақстанның экономикалық даму көрсеткіштері баяндалды. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Израиль арасындағы тауар айналымы 400 млн. астам АҚШ долларын құрады.

Диалог барысында израильдік кәсіпкерлер инновация, «қарапайым заттар экономикасы», эко - және этнотуризм, туристік инфрақұрылым құру, сандық технологиялар, агросектор, су технологиялары, қаржы, қолданбалы ғылыми зерттеулер, денсаулық сақтау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты көздейтін Президент жолдауының негізгі қағидаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Кездесу соңында Израиль бизнес қауымдастығының басшылығы
 16 желтоқсан күні кешкісін Тель-Авив мэриясы ғимаратының қасбеті Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай қазақстандық тудың түсінде жарықтандырылатынын хабарлады.

Қосылған : 28.11.2019, 19:35, Өзгертілген : 28.11.2019, 19:35