Бухарестте Қазақстан Елшісінің брифингі өткізілді

Ү.ж. 28 қарашада Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Нұрбах Рүстемов дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Іс-шара барысында қазақстандық дипломат қатысушыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 ж. 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында қойған мақсаттарымен таныстырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытын жалғастыра отырып, Мемлекет басшысы бірізді теңдестірілген, бірте-бірте саяси жаңғыртуды іске асыру бойынша мақсаттар қойғанын атап өтті.

Брифингке қатысушылар алдағы келе жатқан Қазақстандағы мереке – Тұңғыш Президенттің күні туралы ақпараттандырылды.

Елші Елбасының Қазақстанды әлемнің ең жедел дамушы елдердінің біріне айналдыруға қосқан ерекше үлесін атап өтті.

Өз тарапынан, брифингте сөз сөйлеген «ҚР-Румыния» Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Петру Лифичиу Қазақстанның әлем елдерімен өзара тиімді ынтымақтастық орнату және дамытудағы Тұңғыш Президенттің рөліне назар аударды.

Оған қоса, іс-шара барысында Н.Рүстемов екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларындағы қазіргі жағдай мен болашағы туралы айтып берді. 2019 ж. 9 айында екі елдің арасындағы сауда айналымы 1,337 мдрд. долларын құрады. Сонымен бірге, тауар айналымы құрылымын айтарлықтай әртараптандыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу қажеттілігін атап өтті.

Қазақстан мен Румыния арасындағы ынтымақтастықтың дамуына болу елінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға өз үлесін қосып отырған, ҚР ірі шетелдік активі - «ҚазМұнайГаз Интернейшнл» компаниясының қызметіне ерекше көңіл бөлінді.

Сондай-ақ, Елші 2020 жылға арналған екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша жоспарлармен бөлісіп, баршаны белсенді қатысуға шақырды.

Қосылған : 28.11.2019, 17:45, Өзгертілген : 28.11.2019, 17:45