Моңғолияда Қазақ киносының күндері өтіп жатыр

2019 жылғы 28-30 қараша кезеңінде Ұлан-Батырда Қазақ киносының күндері шеңберінде отандық фильмдер көрсетілетін болады. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Кинокөрсетілімді Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бірлесіп ұйымдастыруда.

Қазақ киносының күндері 28 қарашада қазақстандық режиссер Рүстем Әбдіраштың түсірген «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмінің көрсетілімімен басталды. Фильмде ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың тұлғасы мен мінезінің қалыптасуы, оның алғашқы сәтсіздіктері мен жеңістері, орындалған үміттері мен армандары туралы баяндалады.

Сонымен қатар, іс-шара аясында Моңғолия астанасының көрермендері Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» және «Шал», Рүстем Әбдіраштың «Қазақ хандығы: Алтын тақ» және Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» сияқты кинотуындыларын тамашалайды.

Жобаның басты мақсаты қазақ халқының тарихы мен дәстүрін таныстыру, мәдениет саласындағы екіжақты қатынасты нығайту, сондай-ақ Моңғол көрермендерін Қазақстанның қазіргі киноматографиясымен таныстыру болып табылады. 


Қосылған : 28.11.2019, 18:00, Өзгертілген : 28.11.2019, 18:00