Қазақстан Елшісі Иран Сыртқы істер министрлігінің Еуразия жөніндегі Бас директорымен кездесті

2019 жылғы 27 қарашада ҚР Елшісі Асхат Оразбай ИИР Сыртқы істер министрлігінің жаңадан тағайындалған Еуразия жөніндегі Бас директоры Әли Реза Хақиқианмен кездесті. 

Елші Қазақстанның 28 жылдағы жетістіктері мен оған Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі жөнінде және елдегі соңғы өзгерістер туралы Бас директорды хабардар етті. Атап айтқанда, ол Қазақстанда биыл орын алған билік транзиті мен жаңа Президент болып Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайланғаны туралы айтып берді. 

Қазақстандық дипломат ирандық әріптесін жаңа Президент осы жылы жария еткен Қазақстан халқына жолдауы жөнінде ақпараттандырып, оның басымды бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. 

Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты қатынастарына қатысты мәселелерді талқылап, оның ішінде ИИР Сыртқы істер министрінің биылғы қараша айында Нұр-Сұлтан қаласына жасаған сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру және 2020 жылға жоспарланып жатқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иранға сапарын ұйымдастыру мәселелеріне көңіл аударды.

Қосылған : 27.11.2019, 12:45, Өзгертілген : 27.11.2019, 12:45