Нұр-Cұлтанда АҚИҰ болашағы талқыланды


НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев пен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) бас директоры Ерлан Байдәулетпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Атқарушы кеңестің кезекті 4-ші отырысына, сондай-ақ 2020 жылы Түркияда өткізуге жоспарланған АҚИҰ Бас Ассамблеясының 3-ші сессиясына дайындық мәселелерін талқылады.

Ш.Нұрышев ұйым өкілдерін қабылдай отырып, СІМ АҚИҰ қызметіне, оның ішінде осы ұйымның мүшелік құрамын кеңейту бойынша жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

Дипломаттың бағалауынша, қазіргі әлемді жалпы алып қарағанда және Ислам қоғамдастығын жеке алғанда, азық-түлік қауіпсіздігі проблемасы айтарлықтай өзекті болып отыр, бұл ФАО, Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі комитеті, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы және т. б. осы секілді жетекші халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнату және осы бағытта күш-жігерді үйлестіру қажеттілігін туғызады. 

Өз кезегінде Е.Байдәулет азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы практикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған халықаралық институттармен және қаржы мекемелерімен ынтымақтастықты арттыру бойынша өзі басқаратын ұйымның қазіргі қызметімен таныстырды. Атап айтқанда, азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО), Ислам даму банкімен (ИДБ), ИЫҰ сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Комитетімен (КОМСЕК) және басқа да даму институттарымен жемісті ынтымақтастық орнату. Сондай-ақ, АҚИҰ бас директоры флагмандық стратегиялық жобалар мен АҚИҰ-астық қоры, Ислам азық-түлік өндірушілер қауымдастығы, деректер базасының Интернет платформасы және т. б. құру әлеуеті туралы хабардар етті.

Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде АҚИҰ құру туралы бастамасы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевқа тиесілі. АҚИҰ штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Қазіргі уақытта ұйымның құрамына Ислам әлемінің 34 мемлекеті кіреді және оның қызметі Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік әлеуетін дамыту саласында мұсылман әлемінің күш-жігерін жұмылдыруға бағытталған.



Қосылған : 25.11.2019, 18:10, Өзгертілген : 25.11.2019, 18:10