Иордания университетінде "Қазақстан бұрышы" ашылады

Ү.ж. 24 қарашада Қазақстанның Аммандағы Елшісі Айдарбек Тұматов Иорданиядағы ірі жоғары оқу орны «Middle East» университетінде болып, онда қазіргі Қазақстан дамуының негізгі кезеңдері, еліміздің халықаралық бастамалары, сондай-ақ Қазақстан-Иордания қарым-қатынастарының перспективалары туралы дәріс оқыды.

Сонымен бірге, ҚР-дың дипломатиялық миссиясының басшысы аталған Университеттің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Якуб Насреддинмен кездесіп, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің жолдары мен бағыттарын талқылады.

Иордания тарапы қазақстандық «Silkway» халықаралық университетімен орнатылған ынтымақтастық туралы хабардар етіп, өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге, солардың ішінде оқу бағдарламалары, оқытушылар мен студенттермен алмасу, сондай-ақ араб мамандарын даярлау және т.б. мәселелерге қызығушылық білдірді. Оған қоса, Университет басшылығы осы оқу орнының қабырғасында «Қазақстан бұрышын» ашуға дайындығын білдірді.

Қосылған : 26.11.2019, 15:50, Өзгертілген : 26.11.2019, 15:50