АХҚО СІМ Орталық аппаратының қызметкерлері үшін семинар өткізді


НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 20 қараша - «Астана» Халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту және ілгерілету бойынша Жол картаға сәйкес, СІМ Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелердің басшылары АХҚО қызметімен танысу мақсатында, оның аланында ұйымдастырылған семинарға қатысты. 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы» жаңа жаһандық сын-тегеуріндерге жауап ретінде құрылып, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуындағы маңызды қадам болып отыр. АХҚО қызметін кеңінен насихаттау СІМ қызметінің негізгі және басым бағыттарының бірі болып табылады.  

Өткізілген семинар аясында СІМ өкілдеріне АХҚО-ның кеңсесіне жалпы шолу жасалды. Оның барысында Сот және Халықаралық арбитраж орталығы, Астана қаржы басшылығы, сондай-ақ, Экспат орталығының қызметі тәжірибе жүзінде көрсетіліп, олар жөнінде ақпарат берілді. 

Сенімді орнату және бизнесті жүргізу бойынша кепілдіктер, қаржы қызметтерін реттеу төңірегінде, АХҚО Биржасы, жасыл қаржылар, ислам қаржыландыруы, финтек және Үздіксіз кәсіби даму бюросы туралы таныстырылым жасалды. Семинар барысында Экспат орталықтың басшысы Н.Тоимбек оның қызметі туралы, соның ішінде космополит-қала, өмір сүру және бизнесті жүргізу үшін қолайлы шарттар туралы жан-жақты айтып өтті. Экспат орталық шетел азаматтарының елімізге келулері үшін қолайлы шарттарды қамтамасыз етеді, және олардың қазақстандық қоғамға оңай бейімделулері бағытында қызмет етіп келеді. Бұл орталық халықаралық іскер әріптестерге және Қазақстанға келетін шетел азаматтарына ағылшын тілінде «бір терезе» қағидасы негізінде мемлекеттік және өзге де қызметтердің кең көлеміне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Осы ретте, орталық өзінің қызметін тек АХҚО резиденттеріне ғана емес Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық шетелдіктерге және дипломатиялық корпус өкілдеріне қызметтерді көрсетеді.       

СІМ өкілдері еліміздегі және сыртқы саясаттағы жұмыстар мен қарым-қатынастарда АХҚО қызметін дамыту маңыздылығын айтты. Кездесу барысында, қос тарап Жол картадағы мәселелердің іске асырылуын талқылап, СІМ ұйымдастыратын үлкен халықаралық іс-шараларда, оның ішінде 2020 жылдың маусымында Нұр-Сұлтан қаласында болатын Халықаралық сауда ұйымының 12-ші Министрлік конференциясы аясында АХҚО қызметін кеңінен түсіндіру қажеттілігі көтерілді. 

Қосылған : 20.11.2019, 18:45, Өзгертілген : 20.11.2019, 18:45