Консулдық қызмет департаментінде Методикалық орталық ашылды


НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 22 қараша - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде Министрлік басшылығының қатысуымен Методикалық орталықты ашу салтанатты рәсімі  өтті.

Методикалық орталық еліміздің сыртқы саясат саласындағы тәжірибелі дипломаттар жас әріптестері мен мамандарға өздерінің кәсіби білімі және тәжірибесімен бөлісуі, жалпы консулдық саладағы біліктілікті арттыру, консулдық қызметтің негізгі аспектілері бойынша курстар өткізу алаңы ретінде ашылуда. Сондай-ақ, осы Орталық шеңберінде жалпы консулдық сала тұрғысынан өзекті тақырыптарды қамтитын дәрістер өткізу жоспарланған. 

Осыған байланысты аталған курс ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне жаңадан жұмысқа орналасқан қызметкерлерге және елшіліктер мен консулдық мекемелеріне ұзақ мерзімді іссапарға жіберілетін консулдарға тағылымдамадан өту және біліктіліктерін  арттыру үшін пайдалы болатынына сенімдіміз.

Қосылған : 22.11.2019, 16:45, Өзгертілген : 22.11.2019, 16:45