Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы туралы


2019 жылғы 18-22 қарашада Нөкіс қаласында (Қарақалпақстан, Өзбекстан Республикасы) Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының отырысы өтті.

Тараптар Науаи облысымен және Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстанымен шектесетін Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының шегіндегі учаскеге Мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындады.

Комиссия Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегациялары отырыстарының 2020 жылға арналған Жоспар-кестесін бекітті.

Келіссөздер дәстүрлі достық және конструктивтік атмосферада өтті.


Қосылған : 22.11.2019, 12:00, Өзгертілген : 22.11.2019, 12:00