Қазақстан Сыртқы істер министрінің Канада Премьер-министрінің арнайы өкілімен кездесуі

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 19 қараша - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтанға жұмыс сапарымен келген Канада Премьер-Министрінің Еуропалық Одақ және Еуропа бойынша арнайы өкілі Стефан Дионмен кездесті.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Канаданың Премьер-министрі Джастин Трюдо бастаған Либералды партияны жақында өткен парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. 

Тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқандығын атап өтті.

Канада Премьер-министрінің арнайы өкілі елде шетелдік инвесторларды тарту үшін жасалған инвестициялық мүмкіндіктерге жоғары баға берді, сондай-ақ Оттаваның Нұр-Сұлтанмен сындарлы және өзара тиімді қатынастарды одан әрі орнатуға деген ұмтылысын атап өтті.

Екі мемлекет арасындағы визалық режимді жеңілдетудің маңыздылығы атап өтілді.

Тараптар сондай-ақ халықаралық аренадағы саяси өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады.

Қосылған : 20.11.2019, 21:00, Өзгертілген : 20.11.2019, 21:00