Сыртқы істер министрі Оман Сұлтандығының Елшісін қабылдады



2019 жылғы 19 қарашада ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Оманның Қазақстандағы Елшісі Саид бен Мохаммед бен Әли Әл-Барамиді оның еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.

М.Тілеуберді оған мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастардың дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. Осы мәнмәтінде ол Қазақстан мен Оманды байланыстыратын тікелей әуе қатынасын ашу туралы қол жеткізілген уағдаластықты атап өтті. 

Өз кезегінде, Оман Елшісі Қазақстан мен Оман ынтымақтастығын күшейтуге одан әрі барынша қолғабыс көрсететіндігін айтты. Осы орайда, екіжақты қатынастардың іргетасы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Сұлтан Қабус бен Саид арасында орнаған достықтың арқасында қаланғаны туралы айтты. 

Кездесу қорытындысы бойынша, ҚР Сыртқы істер министрі Оман Елшісін қазақстандық-омандық қатынастарға қосқан жеке үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапаттап, жаңа тағайындалған елдегі жұмысына сәттіліктер тіледі.

Қосылған : 19.11.2019, 15:30, Өзгертілген : 19.11.2019, 15:30