Қазақстан Елшісі Әзербайжан Милли Меджлисінің депутаттарымен кездесті

2019 жылы 12 қарашада Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжан Милли Меджлис депутаты – "Әзербайжан – Қазақстан" достық тобының жетекшісі Адыл Әлиев және Милли Меджлисі депутаты – достық тобының мүшесі Бахтияр Садыговпен кездесті. 

Кездесу барысында тараптар екі елдің заңнамалық органдары арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, парламентаралық достық топтарының қызметін одан әрі дамытуды талқылады, сондай-ақ алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды. 

С.Әбдікәрімов А.Әлиевке 2019 жылы 27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "Президенттіктің институты: қазақстандық үлгі" халықаралық конференциясына Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулиннің ӘР Милли Меджлис О.Асадовтың атына жолданған шақыру хатын табыстады.

Қосылған : 12.11.2019, 18:15, Өзгертілген : 12.11.2019, 18:15