Ежелгі қазақ сарбаздар лондондықтарды таң қалдырды

ЛОНДОН, 2019 жылғы 8 қараша – Лондондық Сити лорд-мэрінің шеруіне қатысу үшін британ астанасына арнайы келген ежелгі қазақ сарбаздар қала көшелеріне бірінші шыққан сәттен бастап Лондон тұрғындары мен қонақтарының назары мен әуесқой камераларының тоғысуына айналды.

Былғары, металл және теріден жасалған ежелгі қазақ жауынгерлердің киімін киген, қолына найза мен қалқан ұстаған, бастарына тымақ киген екі метрден жоғары батырлар Бүкингем сарайы, Биг-Бен және Тауэр көпірінің жанында серуендеді. Өткен-кеткендер шаттанып, ерекше қонақтарға деген таң қалуын жасырмай, олармен суретке түсу үшін кезекке тұрды.

«Мен қатты таң қалдым, олар өте үлкен және өте қуатты көрінеді, маған олардың костюмдері ұнады. Менің ойымша, Қазақстанға барып, онда не болып жатқанын көру керек, себебі мұның барлығы фантастика секілді», – деді өтіп бара жатқан адамдардың бірі.

Ертесіне Лондондық Ситидің лорд-мэрі шеруінде Қазақ ұлттық өнер университетінің жастар джаз-бэндімен қатар сарбаздар тарихи бағдарламаны көрсетті.

Қосылған : 11.11.2019, 15:55, Өзгертілген : 11.11.2019, 15:55