Қазақстанның үшінші Жаһандық Мерзімдік Шолуының қорытындылары

Ү.ж. 7 қарашада Женевада өткен БҰҰ-ның Адам Құқықтары Кеңесінің Жаһандық Мерзімдік Шолу (ЖМШ) Жұмыс тобының 34-ші сессиясында Қазақстан Республикасы адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау туралы үшінші Ұлттық шолуы бойынша есебін қорғады.

ЖМШ БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттердің барлығы адам құқықтары саласындағы жағдайды кезең-кезеңімен қарастыратын ерекше процесс. 2008 жылғы сәуірдегі бірінші ЖМШ сессиясынан бастап БҰҰ-ға 193 мүше-мемлекеттер екі рет: бірінші және екінші циклдері бойынша есеп берді.

Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауы туралы есепті Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев бастаған делегация ұсынды. Қазақстандық делегация құрамына Президент Әкімшілігі, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, ішкі істер, білім және ғылым, сыртқы істер, ұлттық экономика, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің қызметкерлері кірді.

Өз сөзінде қазақстандық делегация басшысы Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы негізгі жетістіктерімен таныстырды. Делегация басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық қоғаммен диалогқа дайын еститін мемлекет құруға деген ниетін атап өтті. М. Бекетаев жаһандық мерзімдік шолуды Қазақстан адам құқықтары саласындағы маңызды тетік ретінде қарастыратынын атап өтті.

Жаһандық мерзімдік шолу аясында алғашқы баяндама 2010 жылдың ақпан айында ұсынылғаннан бері Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге жетті: азаптаудың алдын алу бойынша механизмдері енгізілді; гендерлік теңдік жоғары деңгейде дамып; сот және пенитенциарлық жүйелердегі реформалар іске асырылуда; балалар мен мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдануда; мемлекеттік басқарудың реформаланған жүйесі; қылмыстық және әкімшілік заңнама жетілдірілуде.

Интерактивтік диалог барысында 93 мемлекет Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы туралы тиісті мәлімдемелер жасады. Әрбір мәлімдемедеден соң адам құқықтарын қорғаудың заңнамалық тетігі мен тәжірибесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Мүше мемлекеттердің делегациялары Қазақстан Республикасының заңнамалық, сот, әкімшілік және басқа шараларды дамытудағы, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудегі, адам құқықтарын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттардың нұсқаулықтарын енгізудегі жетістіктерін атап өтті. Сириядан өз азаматтарын қайтару үшін Қазақстанның жүргізген «Жусан» операциясы ерекше атап өтілді.

Көптеген елдер әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресу шараларын күшейту мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілеттігін арттырудың қажеттілігін атап өтті. Бірқатар елдер өлім жазасын алып тастауды, Халықаралық еңбек ұйымының талаптарына сәйкес кәсіподақтар туралы заңдарға түзетулер енгізуді, үкіметтік емес ұйымдарды қолдауды күшейтуді және бейбіт шерулер туралы заңнаманы қайта қарауды ұсынды.

БҰҰ жұмыс тобының жалпы Қазақстан бойынша отырысы конструктивті түрде өтті және адам құқықтары саласындағы БҰҰ-мен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосты.

Қосылған : 10.11.2019, 10:45, Өзгертілген : 10.11.2019, 10:45