Алматыдағы дипломатиялық корпус инвестициялық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларымен таныстырылды

8 қарашада Алматы қаласындағы БҰҰ ғимаратында ҚР Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің қолдауымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың БҰҰ агенттіктерінің, дипломатиялық корпустың және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен, «Алматы» Дипломатиялық клубының мүшелерімен, құрметті консулдармен, банк құрылымдары мен халықаралық компаниялардың басшыларымен Қазақстандағы инвестициялық климатты жетілдіру мәселелерін талқылау үшін арнайы кездесу өтті.

Кездесуге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров та қатысты. Іс-шара қатысушыларына инвестициялық саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдауға жүгінген инвесторлар мен кәсіпкерлердің қызметі барысында бюрократиялық кідірістер мен сыбайлас жемқорлық шығындарын жою болып табылатын «Бизнесті және инвестицияларды қорғау» жобалық кеңсенің қызметі туралы егжей-тегжейлі айтылды.

Халықаралық инвестициялық қоғамдастық Қазақстан экономикасының түрлі секторларында кеңінен жұмыс істейтіндігін ескере отырып, іс-шара барысында жан-жақты пікір алмасылды. 

Сол күні дипкорпус өкілдері Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен «Адалдық алаңы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумға қатысты.

Қосылған : 10.11.2019, 12:55, Өзгертілген : 10.11.2019, 12:55