Таиландтың кең аумағында ұлы Абайдың өлендері мен әндерінің дыбысы

2019 ж. 9 қарашада Қазақстан Республикасының Таиландтағы Елшілігі Паттайя провинциясындағы Құрметті консулдықтың қолдауымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Абай оқулары» атты кешін өткізді. Іс-шараға Таиландта тұратын отандастар, ТМД елдерінен келген қонақтар, сондай-ақ жергілікті қоғамдастық қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Елші Раушан Есбулатова жиналған қауымды мемлекеттің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауымен таныстырды. Қазақстандық дипломат «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы шеңберінде қоғамдық сананы жаңғырту аясында мәдени-тарихи мұраны жандандырудың маңыздылығына жиналғандардың назарын аударды.

Сонымен қатар, Р.Есбулатова Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларын Қазақстан бірқатар мәдени, ғылыми және білім беру іс-шараларын елімізде және шет мемлекеттерінде өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. 

Еуразиялық шығармашылық гильдиясының жетекшісі, «Hertfordshire Press» баспасының баспагері Марат Ахмеджанов «Абай оқулары» кешіне шақырылған қонағы ретінде Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, «Гете мен Абай» атты  кітабын сыйға тартты.

Іс-шара барысында қонақтар арасында Абайдың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім әнді ұтты» атты байқаулар, сонымен бірге Абай шығармашылығы жөнінде викторина өткізілді. Қатысушылар Абайдың шығармасынан «Қара сөздері»  үзінділерін, «Жаз», «Күз», «Поэзия - тіл билеушісі», «Ғылым таппай мақтанба» және «Қөзімнің қарасы», «Япұрай» және т.б. халық әндерін орындады.

Қорытынды бойынша сайысқа қатысушылар естелік сувенирлермен марапатталды. Елшілік, конкурстың жас қатысушыларына, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінің оқулықтарын табысталды. 

Аталған іс-шара ұлттық тағамдармен бірге қазақтың дәстүрлі шай ішу бағдарламасымен аяқталды.

Қосылған : 10.11.2019, 09:40, Өзгертілген : 10.11.2019, 10:45