Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

БАӘ-дегі ҚР азаматтары Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулдығында орналасқан № 274 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

Сайлау учаскесінде дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) өткізіледі.

Дауыс беру үшін ҚР азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы тиіс.

Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін тиісті ақпаратты (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН және тұрақты мекенжай) +971 4 3397151, + 971 55 9000 171 (WhatsApp) байланыс телефондарына немесе dubai@mfa.kz электрондық поштасына жолдау керек.

Қосылған : 12.05.2019, 16:55, Өзгертілген : 12.05.2019, 17:50