Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігі

Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігін беру Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» № 518 Кодексінің 27 тарауымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтары некесін қиған жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне келесі құжаттармен шағымдануы тиіс:

  • 1)некеге отыру туралы бірлескен өтініш (3-қосымша);
  • 2)некеге тұратын адамдардың жеке басын куәландырған құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 3)бұрынғы некелері туралы мәліметтер;
  • 4)балалары бар екендiгi туралы мәлiметтер;
  • 5)бір-бірінің денсаулық жағдайы және материалдық жағдайы туралы, сондай-ақ некеге отыруға кедергінің жоқтығы туралы хабардар екендігі туралы қолхат;
  • 6)консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Некеге отыру туралы өтініш некені тіркегенге дейін бір ай бұрын беріледі. Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) некеге тұратын адамдардың қалауы бойынша неке қиюды тіркеу өтінішті берген күні жүзеге асырылады.

Заңнамада белгіленген мерзімді қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде қосымша растайтын құжат ұсынылады.

Егер неке жасына толмаған адамдар некеге тұрса (ерлі-зайыпты болса), некеге тұратын адамдардың заңды өкілдерінің келісімдері қосымша ұсынылады.
Қосылған : 10.04.2017, 15:30, Өзгертілген : 10.04.2017, 18:35