Туу туралы куәлігі

Баланың туу туралы куәлігін рәсімдеу Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» № 518 Кодексінің 25 тарауымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған баланың тууын тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не басқа елде қызметін қоса атқаратын шетелдегі мекемелерінде жүргізіледі.

Баланың тууы туралы өтінішін оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оның туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс.

Ал бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап бес күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының жақын маңдағы өкілдігіне арыздануы керек.

Баланың тууын тіркеу және тиісті куәлігін рәсімдеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • 1.белгіленген өтініш формасы (1-қосымша);
  • 2.ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 3.ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 4.туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
  • 5.ата-аналарының немесе мүдделі тұлғалардың өтініш беру мүмкіндігі болмаған жағдайда өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;
  • 6.консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Баланың тууы белгіленген мерзімді бұза отырып тіркелген жағдайда қосымша келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • 1.ата-анасының түсініктемесі;
  • 2.баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбаның болмауы туралы анықтама;
  • 3.баланың денсаулығы туралы анықтама.

Екі немесе одан да көп бала туылған жағдайда, әр балаға бөлек өтініш беріледі.

Егер баланың ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса (ерлі-зайыпты болмаса), анасы туралы мәлімет медициналық туу туралы куәлігінің немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешiмi көшірмесі негізінде енгізіледі.

Мұндай жағдайда әкесі туралы мәліметтер:

  • 1)егер баланың тууын мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде әкесі белгілі болған және тіркелген жағдайда, әке болуды анықтау туралы актілер жазбасының негізінде;
  • 2)егер әкесі анықталмаса, некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының өтініші бойынша енгізіледі.
  • 3)өзін баланың әкесімін деп мойындаған адамның өтініші бойынша, оған баланың анасының келісімі болған кезде енгізіледі.

Тууды жазу кiтабында баланың әкесiнің тегі - анасының тегi бойынша, баланың аты мен әкесiнiң аты оның көрсетуі бойынша жазылады. Енгізілген мәліметтер әке болуды анықтау туралы мәселені шешуге кедергі болып табылмайды.

Баланың әкесі туралы мәліметтер анасының тілегі бойынша туу туралы актілер жазбасына енгізілмеуі мүмкін.

Қосылған : 9.04.2017, 10:30, Өзгертілген : 10.04.2017, 12:30