Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлігі

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлігін беру Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» № 518 Кодексінің 28 тарауымен жүзеге асырылады.

Некені бұзу ерлі-зайыптылардың бірлескен келісімі бойынша, кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын негізінде тіркеледі. Кәмелетке толмаған балалары болған кезде сот шешімінің негізінде жүргізіледі.

Кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың ортақ келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • 1)белгіленген өтініш формасы (4-қосымша);
  • 2)арызданушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 3)неке қию туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 4)консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
  • Сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
  • 1)белгіленген өтініш формасы (5-қосымша);
  • 2)арызданушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 3)некені бұзу жөніндегі сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;
  • 4)консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • 1)белгіленген өтініш формасы (6-қосымша);
  • 2)арызданушының жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 3)сот үкімі жөніндегі сот шешімінің уәкілетті орган куәландырған көшірмесі;
  • 4)неке қию туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы. - See more at: http://mfa.greengo.kz/kz/abudhabi/content-view/svidetelstvo-o-rastorzenii-braka-supruzestva-2#sthash.ZdNJ9bNm.dpuf
Қосылған : 8.04.2017, 14:40, Өзгертілген : 11.04.2017, 09:45