«Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есептен алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

2018 жылғы «4» сәуірдегі

№ 11-1-4/119 бұйрығына

2-қосымша

«Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есептен алу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есептен алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы
9 қаңтардағы № 11-1-4/10 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есептен алу» мемлекеттік қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16296 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.

Құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару туралы жазба немесе Стандарттың
10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5. Жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) не оның өкілдікке өкілеттігін растайтын құжаттарын ұсынған заңды өкілінің өтінішінің болуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) басталуына негіз болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1-рәсім (іс-қимыл) – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі – 1 (бір) жұмыс күн;

2-рәсім (іс-қимыл) – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарастыруы және тексеруі, қажетті мәліметтерді «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) енгізу – 1 (бір) жұмыс күн;

3-рәсім (іс-қимыл) – Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 1 (бір) жұмыс күн.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі келесі рәсімдерді
(іс-қимылды) орындаудың басталуына негіз болады:

1-рәсім (іс-қимыл) бойынша – өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;

2-рәсім (іс-қимыл) бойынша – Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен алу жөнінде шешім;

3-рәсім (іс-қимыл) бойынша – Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен алынғандығы туралы есеп карточкасына, Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша парағына, «Бүркіт» БАЖ-да белгі қою немесе Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам қатысады.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің
(іс-қимылдардың) сипаттамасы:

көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 1 (бір) жұмыс күн;

көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам келіп түскен құжаттарды қарастырады және Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді, қажетті деректерді «Бүркіт» БАЖ-ға енгізеді –1 (бір) жұмыс күн;

көрсетілетін қызметті беруші консулдық лауазымды адам Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығарады немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 1 (бір) жұмыс күн.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің
(іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есептен алу» мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Көрсетілетін қызметті алушы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу

(1 жұмыс күн)

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен алу немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

(1 жұмыс күн)

Құжаттарды қарастыру және тексеру, қажетті деректерді
«Бүркіт» БАЖ-ға енгізу

(1 жұмыс күн)

Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы


- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;


- қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) (құрылымдық- функционалдық бірлік) атауы;

- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

Қосылған : 29.04.2018, 12:30, Өзгертілген : 29.04.2018, 12:30