Атын, әкесінің атын (болған жағдайда) және тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу

Адамның атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды ҚР-дың шет елдегі мекемесі он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстыруға тілек білдірген адамның жеке өтініші бойынша жүргізеді (7-қосымша). Өтініште келесі мәлімет көрсетілуі қажет:

-өтініш берушінің аты-жөні, әкесінің аты;

-таңдаған аты-жөні, әкесінің аты;

-аты-жөнінің, әкесінің атының ауыстырудың себебі.

Өтінішке қоса беріледі:

-өтініш берушінің туу туралы куәлігі;

-өтініш берушінің неке қию туралы куәлігі, егер ол некеде тұрса;

-егер азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде тіркелсе, бала асырап алу туралы куәлік немесе әкелікті анықтау туралы куәлік;

-егер көрсетілетін қызметті алушы некенің бұзылуына байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, неке бұзу туралы куәлік;

-екі фотосурет.

Қажетті жағдайда өтініш берушінің аты-жөнінің, әкесінің атының ауыстыруы өтінішіне байланысты себептерді дәлелдейтін құжаттар сұратылады.
Қосылған : 10.04.2017, 12:40, Өзгертілген : 10.04.2017, 12:45