ҚР визасын ұзарту

«Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визаларды ресімдеу, ұзарту»

1. Жалпы ережелер1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-үй, телефон 8 (7172) 72-01-13 мекенжай бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (бұдан әрі – департамент), Алматы қаласы, Әйтеке би, 65-үй мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің өкілдігі (бұдан әрі – өкілдік), Ақтау, Атырау, Орал, Өскемен қалаларындағы Консулдық пункттері (бұдан әрі – консулдық пункттер) және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тізім бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелер) ұсынады.
2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 6, 10, 28, 32, 36, 39, 41, 46 баптарына; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 39-тармағына; 2012 жылғы 21 қаңтардағы «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 148 қаулысына; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 488 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 08-1-1-1/457 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелеріне сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық сұрақтар» бөлімінде және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген шет елдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында орналастырылады.
5. Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визаларды ресімдеу, ұзарту немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну мерзiмдерi:
1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырғаны туралы талонды тұтынушының алған сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі:
Визалық қолдауды ресімдеу мерзімі бес жұмыс күнінен аспауы тиіс, бірақ, құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда ҚР құзыретті органдарымен келісуіне байланысты мерзімі өте ұзақ уақыт кезеңіне ұзартылуы мүмкін.
Визаны ресімдеу және мерзімін ұзарту – бес жұмыс күнінен артық емес.
2) мемлекеттiк қызметті ұсыну үшін қажеттi құжаттарды өткізу кезiнде мемлекеттік қызметті алушының кезек күтуiнің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – отыз минуттан артық емес;
3) визаларды ресімдеу және ұзарту кезінде тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он минуттан артық емес.
8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексімен, «Консулдық алым ставкаларының, сондай-ақ жеделдігі үшін консулдық алым ставкасының ең төменгі және ең жоғары базалық мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 қаулысымен және «Консулдық іс-әрекеттерді жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының, сонымен қатар жеделдік үшін консулдық алым ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі - Мемлекеттік хатшысының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 08-1-1-1/249 бұйрығымен белгіленген мемлекеттік баж (консулдық алым) алынады.
Мемлекеттік баждың (консулдық алым) сомасын төлеу:
1) Қазақстан Республикасында – төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат беретін банктер немесе Қазақстан Республикасында банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы;
2) шет елдерде – төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат беретін болу елінің банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе шет елдегі мекеменің бухгалтериясы арқылы өндіріледі.
Төлем тәсілі (ақшалай және қолма-қол ақшасыз) банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың немесе шет елдегі мекеменің бухгалтериясының қарауы бойынша белгіленеді.
Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 553 бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда ақысыз көрсетіледі.
9. Мемлекеттiк қызмет аптаның төрт жұмыс күнінде (сәрсенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) ұсынылады. Құжаттарды қабылдау сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, ал құжаттарды беру 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін үй-жайлар:
1) Қазақстан Республикасында:
а) департамент ғимаратында;
б) өкілдік ғимаратында;
в) Ақтау, Атырау, Орал, Өскемен қалаларының халықаралық әуежайларында орналасқан консулдық пункттерде.
2) шет елде – шет елдегі мекеме ғимаратында немесе бөлек тұрған ғимаратта орналасады.
Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жабдықталады.2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі11. Барлық санаттағы Қазақстан Республикасының визаларын алу үшін (шығу визасын қоспағанда) визалық қолдауды ресімдеуге тиісті құжаттарды ұсыну қажет.
1) Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға визалық қолдауды рәсімдеу үшін шақырушы ұйым департаментке немесе өкілдікке келесі құжаттарды тапсырады:
а) белгіленген үлгідегі шақырту қағазы (осы стандартқа 2-қосымша);
б) төлем тапсырмасы немесе мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (бюджеттік мекемелерден талап етілмейді);
в) департаментке өтпелі жылда бірінші рет өтініш білдірген мекеме - құрылтай құжаттардың, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгені туралы куәліктің, статистикалық картаның, Қазақстан Республикасы салық төлеушісі куәлігінің (туристтерді шақыртқан жағдайда туристік қызметпен айналысуға құқылы лицензиясы) осы жылда нотариалдық куәландырылған көшірмелерін, сондай-ақ салық қарызы жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасын ұсынады, басқа қалаларда орналасқан шақыртушы мекемелер жоғарыда аталған құжаттарды: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 28-үй мекенжайы бойынша пошта арқылы жолдайды;
г) мекемеден өкілдің атына жазылған сенімхат. Шақырту хат үш данада дайындалады, олардың екеуі Департаментке тапсырылады, үшіншісі шақыртқан тұлғаларға жолданады (хатпен, факспен, электрондық поштамен және т.б.);
д) Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін жол жүретін шетелдіктерді шақыртқан кезде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шақырту қағазымен бірге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатнаманың куәландырылған көшірмесін қоса тіркеу қажет.
Инвесторлық визаға талаптанатын шетелдіктерді шақырту кезінде шақырту қағазымен бірге Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің қолдаухаты қоса тіркелуі қажет.
Департамент келіп түскен өтінішті бес жұмыс күні ішінде қарайды және шет елдердегі мекемелерге виза беру туралы нұсқаулар жолдайды, визалық қолдаудың нөмірін хабарлайды, шақыратын ұйым Қазақстан Республикасының визасын алуға консулдық мекемеге өтініш білдіруі үшін аталған нөмірді шетелдікке жіберуі тиіс.
Ескертпе: осы стандарқа 3-қосымшада көрсетілген елдердің азаматтарына Қазақстан Республикасының бір мәртелік дипломаттық (ДВ), қызметтік (ҚВ), іскерлік (ІСВ), жеке (ЖСВ) визалары, бір мәртелік және екі мәртелік «туристік» санатындағы (ТСВ) визалары Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелерінің талаптарын сақтаумен шақырту қағазынсыз және Министрліктің визалық қолдауынсыз жеке тадамдар мен заңды адамдардың жазбаша өтініштері бойынша беріле алады.
Шет елдердегі мекемелерге туристік, іскерлік, жұмысқа, емделуге, оқуға, инвесторлық, дипломаттық және қызметтік визаларды алуға өтініш білдірген кезде тұтынушы келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жарамды паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның құжаты. Бұл орайда, визаның мерзімі шетелдіктің паспортының қолданыс мерзімі аяқталуынан 3 айдан кем емес мерзімге дейін аяқталуы қажет;
б) Департаменттің визалық қолдау нөмірі белгісі бар шақырту қағазының көшірмесі;
в) Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық сұрақтар» тарауында осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес шет елдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында орналасқан толтырылған визалық сауалнама;
г) өлшемі 3,5х4,5 см түсті бір фотосурет;
д) мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек.
Басқа құжаттарды тапсыру қажеттілігі сол орындағы консулдық лауазымды тұлғамен белгіленеді.
Жеке визаны алу үшін шет елдердегі мекемелерге өтініш білдірген кезде келесі құжаттарды ұсыну қажет:
а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жарамды паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның құжаты. Бұл орайда, визаның мерзімі шетелдіктің паспортының қолданыс мерзімі аяқталуынан 3 айдан кем емес мерзімге дейін аяқталуы қажет;
б) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен ресімделген жеке шақырту қағазының тұпнұсқасы;
в) Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық сұрақтар» тарауында осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес шет елдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында орналасқан толтырылған визалық сауалнама;
г) өлшемі 3,5х4,5 см түсті бір фотосурет;
д) мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек.
Басқа құжаттарды тапсыру қажеттілігі сол орындағы консулдық лауазымды тұлғамен белгіленеді.
Транзиттік визаны алу үшін шет елдердегі мекемелерге келесі құжаттарды ұсыну қажет:
а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жарамды паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның құжаты. Бұл орайда, визаның мерзімі шетелдіктің паспортының қолданыс мерзімі аяқталуынан 3 айдан кем емес мерзімге дейін аяқталуы қажет;
б) паспортта үшінші елге жарамды визаның болуы (міндетті түрде);
в) жол жүру билеті (әуе, т/ж);
г) Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық сұрақтар» тарауында осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес шет елдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында орналасқан толтырылған визалық сауалнама;
д) өлшемі 3,5х4,5 см түсті бір фотосурет;
е) мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек.
Басқа құжаттарды тапсыру қажеттілігі сол орындағы консулдық лауазымды тұлғамен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының визалары шетелдіктерді қабылдайтын шақыртқан мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасында тіркелген шет елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың жазбаша өтініштерінің негізінде департаментте ұзартылады.
Департамент Қазақстан Республикасының келесі санаттардағы визаларды ұзартады:
1) дипломаттық (ДВ) және қызметтік (ҚВ) –Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген шет елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың шақыртуымен Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге – аталған ұйымдардың жазбаша өтініштері немесе вербальдық ноталары негізінде;
2) инвесторлық (ИНВ) – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің хаты негізінде;
3) іскерлік (ІСВ) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген шет елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың шақыртуымен Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге – аталған ұйымдардың жазбаша өтініштері немесе вербальдық ноталары негізінде.
Қазақстан Республикасы визаларының жарамдылық мерзімін ұзарту үшін департаментке келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) болу елінің сыртқы саясат ведомствосының, дипломатиялық өкілдіктің нотасы / визаны ұзартуға өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жарамды паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның құжаты. Бұл орайда, визаның мерзімі шетелдіктің паспортының қолданыс мерзімі аяқталуынан 3 айдан кем емес мерзімге дейін аяқталуы қажет;
3) Қазақстан Республикасының визасын ресімдеуге бір дана сауалнама;
4) өлшемі 3,5х4,5 см түсті бір фотосурет;
5) Министрліктің Мемлекеттік протокол қызметімен берілген аккредитациялық карта;
6) Қазақстан Республикасының алдынғы визасының көшірмесі;
7) тұтынушының өзі жеке өтініш білдіре алмайтын жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат (түпнұсқасы).
12. Бланкілер (сауалнама-өтініштер) шет елдердегі мекемелердің қызметкерлерімен беріледі, сондай-ақ Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық сұрақтар» тарауында тізбесі осы стандартқа 1-қосымшасына сәйкес шет елдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында орналастырылады.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар департаментке мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-үй, телефон (7172) 72-01-13, өкілдікке мына мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 65-үй, телефон (7272) 72-07-47, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша консулдық пункттерге немесе шет елдердегі мекемелерге өткізіледі.
14. Осы стандарттың 11-тармағына сәйкес қабылданған құжаттар осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес «Берілген визаларды есепке алу журналына» тіркеледі. Тұтынушыға барлық қажетті құжаттарды өткізгенін растайтын, осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
15. Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визаларды ресімдеу, ұзарту мәселесі бойынша қабылданған шешім туралы тұтынушы телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етіледі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну келесі жағдайларда тоқтатылуы немесе бас тартылуы мүмкін:
1) құжаттар мен актілер Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келсе немесе өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасының мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін болса немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтер бар болса;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделсе;
3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толығымен ұсынылмауы;
4) құжаттарды ресімдеуде қателердің анықталуы кезінде;
5) тұтынушымен мемлекеттік баждың (консулдық алымды) төленбеуі.
Ескерту: Консулдық лауазымды тұлға орнатылған халықаралық ғұрыпқа сәйкес шетелдік азаматқа себептерін түсіндірусіз Қазақстан Республикасының визасын беруден бас тартуы мүмкін.3. Жұмыс қағидаттары17. Министрліктің немесе шет елдердегі мекемелердің қызметі сыпайылық, толық ақпарат беру, құжаттардың сақталуын, тұтынушы туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.4. Жұмыстың нәтижелері18. Тұтынушыларға министрліктің немесе шет елдердегі мекемелердің мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелері осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Департаменттің, өкілдіктің, консулдық пункттердің және шет елдердегі мекемелердің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Министрліктің бұйрығымен бекiтіледi.5. Шағымдану тәртібі20. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты тұтынушы Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-үй, телефон 8 (7172) 72-01-13 мекенжайы бойынша департаментте немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шет елдердегі мекемелерде ала алады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушы шағымды департаментке: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28 ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-13 мекен-жайы бойынша немесе осы стандартқа 1-қосымшад көрсетілген мекенжайлар бойынша шет елдердегі мекемелерге береді.
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64, факс 8 (7172) 72-04-60, №300 кабинет, электрондық пошта dks-astana@mfa.kz беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағымдар еркін нысанды жазбаша түрде пошта не Министрліктің немесе шет елдегі мекеменің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Жеке адамның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні, тұтынушы атынан құжаттарға қобға уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы болады. Шағымды беру кезінде іс-әрекеті шағымдалатын органның атауы немесе лауазымды тұлға туралы, шағымдану себептері мен талаптар көрсетіледі;
25. Қабылданған шағым Министрліктің, департаменттің немесе шет елдегі мекеменің кеңсесінде тіркеледі. Өтінішті/арызды күні мен уақыты, қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты, сондай-ақ берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны және осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілетін талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.
26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-үй, телефон (7172) 72-01-13 мекенжайы бойынша департаментте және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша шет елдердегі мекемелерде алуға болады.1-қосымша
2-қосымша
3-қосымша
4-қосымша
5-қосымша
6-қосымша
7-қосымша

Қосылған : 10.04.2017, 18:40, Өзгертілген : 10.04.2017, 18:40