Сириядағы химиялық қару мәселесі бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің консультациялары туралы

НЬЮ-ЙОРК, 2018 жылғы 9 қаңтар - Қазақстанның төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның «Сириядағы химиялық қаруды жою бағдарламасындағы прогресс» атты кезекті баяндамасын тыңдады.

Баяндаманы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Қарусыздандыру мәселелері бойынша Жоғары өкілі Изуми Накамицу таныстырды.

Кеңес мүшелері Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның қазіргі жұмысын талқылады, сондай-ақ баяндамада қамтылмаған күрделі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Консультациялар барысында Кеңес мүшелері Сирияда химиялық қаруды қолдануға жол берілмейтіндігін және бұл барлық тиісті халықаралық-құқықтық нормаларды бұзғатындығын атап өтті. Осыған орай, Кеңес Сирияда химиялық қаруды қолдануға жол бермеу бойынша күш салуды жалғастыруға айнымастығын білдірді.

Қазақстан Сирияда химиялық қаруды қолдану қауіп-қатерін толығымен жоюдың маңыздылығын атап өтті, бұл қақтығыс аймақтарында шиеленісті төмендету үшін тиісті жағдайлар туғызады.

Қосылған : 10.01.2018, 11:10, Өзгертілген : 10.01.2018, 11:10