«Қазақстан – Финляндия» парламентаралық достық топтары ынтымақтастығын тереңдетуде

АСТАНА, 15 қаңтар 2018 ж., - Бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Финляндия парламентарийлерімен - Финляндия Парламентінің депутаты Вилле Скиннари басқаратын «Қазақстан – Финляндия» парламентаралық достық тобының мүшелерімен кездесті.

Р. Василенко «Қазақстан – Финляндия» өзара қарым-қатынастарының қарқынды дамып жатқанын ерекше атап, Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның жұмысын жоғары бағалады. Екіжақты күн тәртібіндегі жағымды үрдістерді ерекше мақтанышпен айтты. Атап айтқанда, 2017 жылы Хельсинкиде «Qaz-FinTech» атты Қазақстан-Финляндия жасыл технологиялар орталығының тұсауы кесілді. Коувола (Финляндия) – Бусловская (Ресей) – Алтынкөл (Қазақстан) – Сиань (Қытай) контейнерлік теміржол бағыты іске қосылды. ЭКСПО-2017 өткізу кезеңінде «Финнэйр» әуе компаниясымен Хельсинки-Астана бағытында тікелей рейстерді жүзеге асырды.

В. Скиннари екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап, екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудағы парламенттік дипломатияның ерекше рөлін баса айтты. Оның пікірінше, жобаларды іске асыру және ынтымақтастық үшін ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, сандық технологиялар перспективалы салалар болып табылады.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Р. Василенко Финляндия депутаттарына Қазақстанның 2018 жылғы қаңтардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы туралы айтып берді.

Бұдан басқа, сұхбаттасушылар Қазақстанның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығын, Еуразиялық экономикалық одақтың даму жағдайын, сондай-ақ, білім және цифровизация саласындағы өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады.

Қазақстан мен Финляндия Орталық Азиядағы және Солтүстік Еуропадағы өзара стратегиялық әріптестер ретінде бір-бірін көптеген халықаралық бастамаларда қолдап, осы екі өңірлер арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға үлкен үлес қосуда.

2017 жылғы қаңтар-қараша айларында екіжақты тауар айналымы 283,6 млн.долл. (экспорт – 172,3 млн., импорт – 111,2 млн.) құрады.
2016 жылы – 341,8 млн.долл. (экспорт – 217,6 млн., импорт – 124,2.) жеткен.

Депуттар Қуаныш Сұлтанов және Вилле Скиннари басшылығындағы достық топтар қызмет ететін Қазақстан және Суоми парламенттері бір-бірімен белсенді диалог жүргізуде. Мәселен, 2016 жылы Қазақстанның Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Финляндияға ресми сапары өтті. 2017 жылы Мәжіліс пен Эдускунта спикерлері Санкт-Петербургтегі 137-і Парламентаралық Одақ Ассамблея аясында кездесті. Ал Финляндия Эдускунтасының бірінші вице-спикері М.Пеккаринен және Финляндия депутаттары И.Канерва мен Э.Хейнялуома сапармен Астанаға болды.

Астанаға сапар аясында Финляндия делегациясы Қазақстан Парламентінің спикерлері Қ.Тоқаевпен және Н.Нығматулинмен, сондай-ақ, Финляндиямен парламентаралық достық тобының жетекшісі Қ.Сұлтановпен кездесті.

Қосылған : 15.01.2018, 20:10, Өзгертілген : 15.01.2018, 20:10