Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы ресми мобильді қосымшасының іске қосылғанын хабарлайды

Қазіргі таңда елдер экономикаларының дамуында цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Бүгінде әлем халқының 40 пайыздан астамы Интернетке қол жеткізіп отыр және әр он үйдің жетеуінде ұялы телефон бар. Цифрлық технологиялар халық пен бизнеске мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділігін біршама арттырып, ақпарат алмасуды тездетті, бизнес жүргізуге жаңа мүмкіншіліктер ашты.

Аталған үрдістерке сәйкес, мемлекеттік қызметтерді алу үдерістерін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Дубай және Солтүстік Әмірліктеріндегі Бас консулдығы (бұдан әрі – Бас консулдық) «CGRK Dubai (Consulate General of The Republic of Kazakhstan in Dubai)» атты ресми мобильді қосымшасының іске қосылғанын хабарлайды. Біздің қосымша «Бір терезе» қағидасына сәйкес жасалған және оның көмегімен сіз келесідей әрекеттерді жасай аласыз:

  • 1.Бас консулдықтың ғимаратына бармай-ақ консулдық тіркеуге тұру;
  • 2.Бас консулдықтың мекен-жайы, байланыс телефондары, жұмыс уақыты секілді бүкіл ақапарат алу;
  • 3.Тиісті мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттардың тізімімен танысу;
  • 4.Түрлі мемлекеттік қызметтерді алу сұранымын толтырып қарастыруға жіберу;
  • 5.Жіберілген сұранымның жағдайын бақылау және т.с.с.

Төменде мобильдік қосымшаны қолдану бойынша қысқаша видеонұсқаулық көрсетілген.


Мобильді қосымшаны келесі сілтеме арқылы жүктей аласыз: https://itunes.apple.com/us/app/consulate-rk/id1258060276?mt=8

Қосылған : 28.09.2017, 13:35, Өзгертілген : 28.09.2017, 13:35