Экономикалық ынтымақтастық

БАӘ Қазақстан Республикасының тауар айналымында 205 мемлекеттің ішінде 52 орында, соның ішінде: 42 Азия елдерінің арасында – 16 орында, Шығанақ араб елдерінің арасында – 1 орында. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2015 жылы Қазақстан мен БАӘ арасындағы тауар айналымы 109 млн. 553 мың АҚШ долл. құрады (экспорт – 42 млн. 475 мың, импорт – 67 млн. 79 мың). 2016 жылдың қаңтар-тамыз кезеңінде аталған көрсеткіш 194 млн. 60 мың АҚШ долл. құрады (экспорт – 146 млн. 222 мың, импорт – 47 млн. 839 мың).

Сауда-экономикалық саласындағы Қазақстан-Әмірліктер қатынастарын дамытудағы негізгі қадам болып Үкіметаралық комиссияның отырыстары табылады. Бүгінгі күні ҮАК-тің алты отырысы өткен болатын. Оның соңғысы 2017 жылғы 12-16 қаңтарында Мемлекет басшысының Әмірліктерге ресми сапары барысында өтті.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2005 жыл мен 2016 жылдың 1-ші тоқсаны аралығында ҚР-ға БАӘ-ден тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 2 011,8 млрд. АҚШ долл. құрады.

Әбу Дабидің мемлекеттік инвестициялық-девелоперлық «Mubadala» компаниясымен, Атом энергетикасы жөніндегі ұлттық корпорациясымен, Дубай халықаралық қаржы орталығымен байланыстар белсенді дамуда. Ең ірі екіжақты инвестициялық жоба болып Астана қаласында көп функционалды «Әбу Даби Плаза» кешенінің құрылысы қалуда. Жобаның жалпы құны – 1,6 млрд. АҚШ долл. құрайды.

2016 жылғы 2-4 қыркүйекте құрамына Астана қаласының Әкімі Ә.Исекешев, Маңғыстау облысының Әкімі А.Айдарбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Президенті А.Мамин, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның операциялық қызметін үйлестіру жөніндегі вице-президенті Қ.Алпысбаев және корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Э.Имашев кірген қазақстандық делегацияның Әмірліктерге сапары болды.

Қазақстандық делегацияның сапары барысында «Джабель Әли Портының» қызметі туралы презентация жасалды. Қазақстандық делегацияны «DP World» Директорлар Кеңесінің Төрағасы Сұлтан Ахмед бен Сулейм қабылдап, компанияның Каспий теңізіндегі Ақтау портын басқару жөніндегі жұмысын жалғастыруға ынтасын қайта растады.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Президенті А.Мәмин Сұлтан бен Сулеймге өзара әрекеттестік жолдарын талқылауға мүмкіндігі үшір алғысын білдіріп, «DP World» басшысын Ақтау портына басқару үдерісімен танысуға шақырды.

Өз кезегінде Астана қаласының Әкімі Ә.Исекешев Дубай қаласы муниципалитетінің басшысы Н.Лутамен және қала дамуына инновациялық тәсілдерді ендірумен айналысатын түрлі департаменттердің өкілдерімен кездесті. «Smart City» жүйесін және метро жүйесін, автобус бағыттары мен такси қызметін қамтитын Дубай қаласының автокөліктік желісінің дамуына ерекше назар аударылды.

Бұдан басқа, Ә.Искешевтың Дубай халықаралық қаржы орталығы мен «Дубай ЭКСПО-2020» Бюросының басшылығымен кездесулері өтті. Оның барысында ірі халықаралық іс-шаралар өткізуде тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысының ҚР шетелдік мекемелерінің қызметінде сыртқы экономикалық құрамдас бөлікті күшейту қажеттілігі туралы екпініне сәйкес, 2016 жылғы 16-18 ақпанда Әбу Даби, Дубай және Шарджа сауда-өнеркәсіп палаталарымен, сондай-ақ халықаралық инвестициялық форумның (AIM) Ұйымдастыру комитетімен бірлесіп бірқатар ірі бизнес форумдар және қазақстандық лауазымды тұлғалар мен бизнесмендердің БАӘ әлеуетті инвесторларымен жеке екіжақты кездесулері ұйымдастырылды.

Аталған іс-шаралардың басты мақсаты болып Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ бірлескен ынтымақтастық көкжиектерін кеңейту жолдарын табу табылды. Соның ішінде Қазақстанның ЕАЭО мен ДСҰ-ға кіруі және Қазақстан-Түрікменстан-Иран бағыты бойынша жаңа темір жол магистралін іске қосу мән мәтінінде.

Іс-шараларда ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Р.Ошақбаев, ҚР Ауыр шаруашылы Вице-министрі Е.Көшербаев, Астана қаласы Әкімінің орынбасары Н.Әлиев, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қ.Келімбетов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Вице-президенті Қ.Алпысбаев, бірқатар облыстардың ӘКК басшылары және ҚР шағын және орта бизнестің 70 жуық өкілдері қатысты.

30 қазан – 1 қарашада Дубайда «Kaznex Invest» сауда миссиясы ұйымдастырылды. 30 адамнан астам құралған ҚР делегациясының құрамына Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Карплюк, «Kaznex Invest» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарушы директоры А.Арынов, «Astana» ӘКК ҰК» АҚ Басқарма төрағасы А.Қожаназаров, сондай-ақ экспортқа бағытталған ҚР шағын және орта кәсіпкерліктің өкілдері кірді.

Сауда миссияның басты іс-шарасы болып 2016 жылғы 1 қарашада Дубай Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған Қазақстан-Әмірліктер бизнес форумы табылды. Оның басты мақсаты болып отандық кәсіпорындардың экспорттық өнімдерін БАӘ нарығына жылжыту табылды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БАӘ-ге 2017 жылғы 15-17 қаңтарда ресми сапарына дайындық шеңберінде Әмірліктер тарапымен әрекеттерді үйлестіру мақсатында 2016 жылғы 21-23 қарашада ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді бастаған делегацияның Әмірліктерге сапары болды.

Жұмыс сапары барысында БАӘ Сыртқы істер жөніндегі Мемлекеттік министрі доктор Ануар Гаргашпен, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік министр, «ЕХРО-2020 Dubai» Бюросының Бас директоры Рим Ибрагим әл-Хашемимен, БАӘ алдыңғы қатарлы даму институттары мен қаржы мекемелерінің басшыларымен, соның ішінде Әбу Даби инвестициялық қорымен (ADIA), Әбу Даби даму қорымен (ADFD) және Дубай инвестициялық корпорациясымен (ICD) екіжақты кездесулер өтті. Одан басқа Әбу Даби, Ажман мен Рас әл-Хейманың Сауда-өнеркәсіптік палаталарымен, БАӘ мемлекеттік сыңайлы секторының субъектілерімен, сондай-ақ бірқатар БАӘ еркін экономикалық және индустриалдық аймақтарымен, соның ішінде аймақтағы ең ірі «Джебель Әли» аймағымен келіссөздер өткізілді.

2016 жылы Қазақстаннан Әмірліктерге алғаш рет 7 мыңнан астам тірі қойлар экспортталды. Қойлар Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарынан жөнелтілді.


Қосылған : 31.05.2017, 05:25, Өзгертілген : 2.06.2017, 06:30