Президент Жолдауының басты міндеттері Қазақстанның жаңа кезеңдегі экономикалық дипломатияның негізін құрайтын болады

АСТАНА, 2018 жыл 11 қаңтар – Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жыл сайынғы Жолдауы аясында ведомство алдында туындаған жаңа міндеттер талқыланды.

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мемлекеттік органдары басшыларының құрамы алдында сөйлеген сөзінде Жолдаудың басты міндеттері Қазақстанның жаңа кезеңдегі экономикалық дипломатияның негізін құрайтын болады деп атап өтті. Экономикалық блокпен бірлесе отырып, Үкімет инвестициялық және экспорттық бағыттарда іс-қимыл жасаудың тетігін жетілдіруді одан әрі жалғастыратын болады. Бұл Қазақстан экономикасының басым салаларына шетел инвестициялары мен инновациялық технологияларды тартуға, сондай-ақ отандық кәсіпорындардың өнімдерін сыртқы нарықтарға жылжытуға бағытталады. Өнеркәсіп, көлік және логистика секторын цифрландыру, агроөнеркәсіптік кешенін жаңғырту саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа назар аударылатын болады.

Министрлік Қазақстанның дипломатиялық қызметіне цифрлық технологияларды енгізуді одан әрі жалғастыратын болады, атап айтқанда электрондық құжат айналымын, консулдық қызметтерді жетілдіру, электрондық визаларды ресімдеуге көшу. Сонымен қатар, Сыртқы саяси ведомствосы қазақ әдебиетін, өнерін және көркем шығармашылығын насихаттауда мультимедиялық технологиялар қолданылатын жобаларды іске асыратын болады.

Қазақстан СІМ және шет елдердегі мекемелері Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысын бастады.

Қосылған : 12.01.2018, 10:45, Өзгертілген : 12.01.2018, 10:45