2017 жылдың 14-19 қазан аралығында Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтетін WorldSkills Competition әлемдік чемпионаты «Ұлттық көрме» орталығында «World Skills» халықаралық қауымдастықтың 44-ші «World Skills» халықаралық жастар жарысы өтеді.

WorldSkills Kazakhstan жобасы - жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және дәріптеу болып саналады. Орта және кәсіптік білім беру мекемелерінде маман тапшылығын азайтып, бәсекеге қабілетті, әрі инновациялық даму жолына түскен еліміз үшін аса қажет кадр дайындауда қосып отырған үлесі зор.

Жарыс құрылыс, өндіріс және машина жасау технологиялары, роботты техника, көлік пен логистика және басқа салалардағы 51 жұмыс мамандығын қамтиды. Елімізден кетіп бара жатқан жас мамандарымыз 23 құзіреттілік бойынша атап айтсақ: Жүк автокөліктеріне қызмет көрсету, дәнекерлеу ісі, бетон технологиясының жұмыстары, дәнекерлеу технологиясы, электроника, сантехника және жылыту, графикалық дизайн, суыту және желдету техникаларына қызмет көрсету, мейрамхана сервисі, жеңіл автокөлік жұмыстарын жөндеу, сылау және декоративті жұмыстар, флористика, мехатроника, визуальды мерчандайзинг және витринистика, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары, электромонтаж, инженерлік графика, шаштараз өнері, киім дизайны және үлгілеу, желілік және жүйелік басқару, нан пісіру шебері, веб-дизайн мамадықтары бойынша 77 мемлекетпен сайысқа түспек.

Іс-шараға 1300 – ден астам жас маман мен 100 мыңнана астам көрермен тамашалайды деп күтілуде. Бұл жарыс жастарға өздерінің шеберліктерін, кәсіби деңгейін қалың көрерменге көрсетуге, сондай-ақ оларға біліктілігін, білімін жетілдіруде және жалпы болашақта мамандану бағытын таңдауда кәсіби мамандардан ақыл-кеңес алуға үлкен мүмкіндік береді.

Бұл шара Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының аясында жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау бағыттарындағы нақты тапсырмаларды іске асыру аясында өткізіліп жатыр.

Қосылған : 11.10.2017, 09:40, Өзгертілген : 11.10.2017, 09:40