Шетелде тұрақты тұруды рәсімдеу

Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға рұқсат алу тәртібі «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы №361 Қаулысымен (әрі қарай - Қаулы) реттеледі.

Қағидаға сәйкес Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кету ішкі істер органдары шығуға арналған құжаттарды ресімдегеннен кейін жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасынан Румынияға уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрақты тұрғылықты тұруға ниет бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтарына рұқсаттың алынуы Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің консулдық бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1. өтініш-сауалнама;

2. Румынияның құзыретті органдары берген тұрақты тұрғылықты тұруға рұқсат;

3. мөлшері 4мм х 5мм 2 фотосурет;

4. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі;

5. жеке куәлігі;

6. он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға қалған кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын екiншi ата-анасының нотариалды түрде расталған келiсiмi. Ата-анасының бiрiнiң келiсiмi болмаған кезде, кәмелет жасқа толмағанның кетуі сот тәртiбiмен шешiледi.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші түсініктеме береді.

Сұрақтарыңызды consul.bucharest@mfa.kz электрондық поштаға жазуды сұраймыз.

Қосылған : 14.04.2017, 16:55, Өзгертілген : 14.04.2017, 16:55