Елші

Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов

Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі


1965 жылы дүниеге келген.

Жоғары білімі: заңгер, халықаралық қатынастар саласындағы маман және ағылшын тілі мұғалімі.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

1987 - 1992 жж. – Қазақстанның орталық мемлекеттік органдарында жауапты лауазымдарға ие болды.

1992 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде.

1996 - 1997 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары Экономикалық Кеңестің аға сарапшысы.

1997 - 1998 жж.- ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Бөлім меңгерушісі.

1999 - 2009 жж. - ҚР Парламенті Мәжілісінің II, III, IV шақырылымның депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

2009 - 2010 жж. - Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2010 - 2011 жж. - ҚР СІМ Ерекше тапсырмалары жөніндегі Елшісі.

2013 жылғы сәуірден - 2019 жылғы қыркүйекке дейін - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2013 жылғы қарашадан - 2019 жылғы қыркүйекке дейін - Қазақстан Республикасының Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушысы.

2014 жылғы ақпаннан - 2019 жылғы қыркүйекке дейін - Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметін қоса атқарушысы.

2019 жылғы қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 

"Парасат", "Құрмет", "II дәрежелі Сербиялық ту", "Мажарстанның орта Крест" ордендерімен марапатталған.

Дипломатиялық дәрежесі - 1-ші сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші.

Ағылшын және түрік тілдерді меңгерген.

Үйленген, екі баласы бар.

Қосылған : 30.09.2019, 13:45, Өзгертілген : 1.10.2019, 10:00