Bизаларды алу

2016 ж. 23 желтоқсандағы №838 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Румыния азаматтары Қазақстан Республикасында болу кезеңі Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күнге дейін Қазақстан территориясына визасыз келу, кету және болу құқығына ие болады. Сондай-ақ, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап визалық режим туралы жаңа ережелер күшіне енеді, оның мәтінімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми веб-сайтында танысуға болады.

Қазақстан Республикасының визаларын алу үшін шет ел азаматтары Қазақстан Республикасының болмыш елдегі дипломатиялық/консулдық мекемесіне өтініш білдіріп, жарамды паспортын (немесе халықаралық жол жүру құжаты), ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет депараментінің визалық қолдау нөмірі көрсетілген шақырту қағазының көшірмесін (немесе ҚР ішкі органдарымен рәсімделген жеке шақырту қағазының түпнұсқасы) және толтырылған визалық сауалнамасы мен фотосуретін тапсыруы қажет. Сұралып жатқан визаның қолданыс мерзімі паспорттың қолданыс мерзімінің аяқталуына 3 ай қалғанға дейін аяқталуы тиіс. Қосымша құжаттарды тапсыру қажеттілігі сол елдегі консулмен белгіленеді.

«Еңбек» санатындағы визаны рәсімдеу

«Еңбек» санатындағы визаны алу үшін шетелдік азамат Қазақстан Республикасының шет елдегі консулдық мекемесіне тұрғылықты жері бойынша сауал жасап, келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Визалық қолдау нөмірі жазылған шақырушы ұйымнан шақыру-хат;
  • Толтырылған сауалнама;
  • Фотосурет (өлшемі – 3,5 см. Х 4,5 см.);
  • Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың көшірмесін.

ҚР халықаралық әуежайларында орналасқан (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Орал және Өскемен) консулдық пунктілерінде ҚР консулдық мекемелері жоқ елдерден келген шетелдік азаматтарға ғана ҚР визалары рәсімделеді. ҚР территориясында жұмыс істейтін шетелдіктердің қарауындағы жұмыс істемейтін отбасы мүшелеріне ҚР әділет органдарында тіркелген заңды тұлғаның жазба өтініші, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істейтін тұлғамен туысқандығын растайтын құжаттар, «еңбек» санатындағы визасының көшірмесі негізінде «еңбек етуге рұқсатсыз» белгісімен виза рәсімделеді.

Құжаттарды қарастыру мерзімі 5 жұмыс күн.


Визаны алу үшiн келесi құжаттарды толтыру қажет
Формуляр айқын толтырылуы тиіс, бас әрiппен жазылып, түзетулерсiз болуы тиіс!
Рахмет!

Консулдық мекемеде өтініш білдірушілерден қосымша құжаттарды талап етуге құқығы бар.

Визалық сауалнама толтыру үшін -
Сауалнама


Виза үшін төлемақыны BRD банкінің әрбір филиалында Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің (EUR) RO24 BRDE 445S V046 2463 4450 есеп-шотына жасауға болады.

ВИЗАЛЫҚ АЛЫМ:

- Бір жылға дейін көп мәртелі виза - 170 евро;

- 6 жасқа дейінгі балаларға виза ақысыз беріледі.


Қандай да консулдық сұрақтар бойынша consul.bucharest@mfa.kz адресіне жазуды өтінеміз, +40 31 107 1548 телефон шалуға немесе или Фэйсбуктегі @kazembro аккаунт арқылы байланысуға болады.

Қосылған : 16.04.2017, 15:55, Өзгертілген : 14.08.2018, 15:50