Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2015 ж. қыркүйекте – Бухарест қ. қазақ тілінде оқытатын мектепке дейінгі мекеме ашылып, қызметін атқаруда.

Қазақстандық музыканттар Бухарест қаласында өтетін Джордже Энеску атындағы классикалық музыка фестивалінде жыл сайын қатысуда.

2015 жылдан бастап Бухарестте жыл сайын қазақ киносының фестивалі өтеді, оның аясында Қазақстанның белгілі кинорежисерлерінің шығармалары көрсетіледі. Кезекті 4-ші фестиваль 2018 жылы 11-12 желтоқсанда өтті.

Одан басқа қазақ киносының кезекті фестивальдері Констанца қаласында (2018 ж. 2-3 қараша) және Клуж-Напока қаласында (2018 ж. 5-7 қараша) өтті.

Қазақстан мәдениетін Румынияда насихаттау мақсатында, 2018 ж. 5-22 қараша аралығында Клуж-Напока қаласында және 2019 ж. 11 наурыз - 4 сәуір аралығында Бухарест қаласында танымал қазақстандық суретші Лейла Махаттың сурет көрмелері өткізілді.

Қазақстанда тұратын румын диаспорасы (22 мыңнан астам адам) екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуына ықпал жасайды. Қазақстанда румын тілі мен мәдениетін сақтауға мақсат қойған румын ұлттық-мәдени қоғамдары қызмет атқарады: Алматыда «Ұлы Штефан», Қарағандыда «Дачия» және Павлодарда «Буковина». Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жанында румын тілі және әдебиеті кафедрасы, сондай-ақ дәрісхана жұмыс істейді.

Өзара түсіністік, академиялық және ғылыми ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 31.05.2019, 10:50